8 наурыз күні қарсаңында мектепте 8 наурыз көктем мерекесіне арналған сыныптық мерекелік іс-шаралар өткізілді. 5-11 сыныптарда қашықтық форматта, 1-4 сондай-ақ мектепалды даярлық сыныбында және шағын орталықта әдеттегі режимде ата-аналардың қатысуынсыз іс-шаралар өткізілді. Анаға, әжеге, әпкеге құрметпен қарау, жақсы көзқарас қалыптастыру мақсатында және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған шара өткізілді. Мерекеге қатысушы балалар өздерін жақсы суретші ретінде көрсетті, өлеңдер айтты және оқыды, сынып жетекшілері ұйымдастырған түрлі байқауларға қатысты. Сүйікті аналары мен әжелері үшін жігіттер сыйлықтар жасады: құттықтау хаттары, өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдары. Сыныптық іс шаралар өте көңілді және қызықты өтті. Барлығының көңіл-күйлері көтеріңкі болды.