«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Камышенка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Камышенка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құқық бұзушылықты алдын алу.

01.12.2024

Балалар мен жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында, ағымдағы жылдың 27 қарашасында 5-11 сынып оқушыларының ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Абенова А.С., аға учаскелік инспектор, полиция капитаны Койшыманов Д. М. және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторы, полицияның аға лейтенанты Қиюбек Н.Ж. кездесу өткізді. Кездесу барысында құқық бұзушылықтарды алдын алу жөнінде әңгіме жүргізілді. Оның негізгі мақсаты - кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және өз денсаулығына сауатты әрі жауапты көзқарасты қалыптастыру. Оқушылар кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі туралы ақпарат алды; жасөспірімдерге қылмыстық жауапкершілік жасы мен қылмыстар үшін қолданылатын жазалар түсіндірілді. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор Абенова А.С. көшеде және қоғамдық орындарда тәртіп сақтау ережелерін сақтауды қатаң ұсынды, мектептегі оқушылардың тәртібі, мұғалімдерге, үлкендер мен қатарластарына құрметпен және сыпайы қарым-қатынас, әлеуметтік желілердегі қарым-қатынас мәселелерін қозғады. Әңгіме инспектордың кәсіби қызметінен нақты мысалдар мен фактілерге негізделді. Полицияның аға лейтенанты Қиюбек Н.Ж. «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында қызметкерлермен профилактикалық әңгіме өткізді.

Просмотров: 839


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст