Қаңтар айының 25-29 аралығында Камышенка орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығы өтті. Бұл апталыққа мектептің 3-11 сынып оқушылары қатысты. Апталықтың бірінші күні оқушылар пән бойынша Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев , М. Өтемісұлы шығармашылығына арнап, қабырға газеттерін шығарды.
26.01.21 күні 3-6 сынып оқушылар арасында Абайдың «Табиғат лирикасына арналған» суреттер байқауы өтті. Байқаудың жеңімпаздары: Бірінші орын- 3- сынып Фоминов М., 4- сынып Томилин В., 6 -сынып Чернятевич К.
Екінші орын: 3- сынып Шмаков А., 4- сынып Шокодько В., Кан М. 5- сынып Квапиш Н.,
Шаповалова Р., 6- сынып Колесникова Р., Пукас В.
27.01.21 күні 9, 10 сыныптарда қазақтың ұлы тұлғалары Абай мен Ыбырайға арналған «Қазағымның мақтанышы» атты таным сайыс- сабағы өтті. Оқушылар ұлы тұлғалардың шығармашылығына арналған қызықты сұрақтарға жауап беріп, ұлы ақындардың өмірі мен шығармашылығы туралы тартымды әңгіме дүкен құрды.
28.01.21 күні 3-сыныпта қазақ тілі пәнінен «Жүзден жүйрік» қазақ халқының ұлттық ойындарына байланысты интеллектуалды сайыс- сабағы өтті. Сабақ барысында оқушылар «Тоғызқұмалақ», «Бес асық», «Қыз қуу» т.б. ойындар жайлы мағлұмат алып, ережелерімен танысты. Сабақ өте қызықты өтті.
Келесі жоғары деңгейде өткен апталықтың маңызды күні «Абай оқулары» болды. Бұл күні мектептің 3-11 сыныптар аралығында Абайдың өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқыған оқушылар көп болды. Олар: апалы-інілі Шокодько Никита мен Виктория; Квапиш Надежда, Томилина Милана, Суховольский К., Дембровский Н., Чернятевич К., Лисовская Д., Матвеюк И., Абишев Э,. Чернятевич И.
Апталықтың соңғы 29.01.21 күні қазақ халқының ұлттық ойындарына арналды. Бұл күні 4-6 сыныптар аралығында қазақтың «Орамал тастау», «Теңге салу», « Тоғыз құмалақ», «Арқан тартысу» т.б.ұлттық ойындары ойнатылды.
Қазақ тілі пән апталығына жоспарланған барлық шаралар жақсы деңгейде өтіп, оқушыларға жақсы әсер қалдырды.