Текст
Ольшевская Л.В. математика пәнінің мұғалімі 8-сыныпта - КВН «Біз әлі Пифагор емеспіз» сабағын өткізді. Мақсаты: математикаға қызығушылығын ояту, танымдарынн кеңейту. Жарыстарға балалар қызығушылықпен белсенді қатысты. «Омега» командасы (ω) 32 ұпаймен жеңіске жетті. Жеке біріншілікте Альфа (α) командасының мүшесі Артём Ганба жеңімпаз атанды.
6-сыныпта Абишева Л.В. «Математикалық тапқырлық» сабақ-байқауын өткізді. Оқушылар басқатырғыштар, сөзжұмбақтар, логикалық есептер шығаруға өте қызығушылық танытты. «Минус» командасы 61 ұпаймен жеңіске жетіп, қарсылас командадан тек 2 ұпайға озды.