Текст
02.05.2023
Экологиялық акция
28 сәуірде мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары қаза болған ауылдастарына арналған ескерткіш маңындағы аумақты тазарту мақсатында жыл сайынғы экологиялық акциясын өткізді. Барлық сыныптар сынып жетекшілерімен бірігіп, қыстан соң жиналған қоқыстарды тазартты....
01.05.2023
28 сәуір күні «Камышенка ауылының ЖОБМ» КММ-де шағын орталықта шығармашылық күніне арналған, ашық қолданбалы сабақ өтті.
Балалар тамаша қолөнер бұйымдарын, аппликацияларды дайындап әкелді, суреттер салды. Бастауыш сыныптар апталығы сәтті өтті, жарайсыңдар! Бастауыш сыныптар ұжымына тамаша жұмыс үшін көп рахмет!!! Барлығыңызға денсаулық, шығармашылық табыс!!!
27.04.2023
27 сәуірде « Камышенка ауылының ЖОБМ» КММ-де күн әдеби оқуға арналды.
Даярлық сыныбында «Тапқырлар мен зерек қыздар» атты ашық кіріктірілген сабақ, 2-4 сыныптар арасында ертегілер бойынша викторина өткізілді. Жеңімпаз команда «Ертегі білгірлері» дипломына ие болды.
27.04.2023
26 сәуірде «Камышенка ауылының ЖОБМ» КММ-де «Үйрен, сана, шеш» күні математика пәніне арналды. Сондықтан екі ашық сабақ, 1-сыныпта «Ертегіге саяхат» атты сабақ және 2-сыныпта«Есепті 2 әрекетте шешу» тақырыптарында өтті.
Сабақтар жоғары деңгейде өтіп, оқушылар белсенділік танытып, үлкен қызығушылықпен жұмыс жасады. Үзіліс кезінде балалар математикалық ребустарды қызығушылықпен шешті.
26.04.2023
25 сәуір күні « Камышенка ауылының ЖОБМ» КММ-де 3-сыныпта «Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері» тақырыбында орыс тілі пәнінен ашық сабақ өтті.
Сондай-ақ, 2-4 сынып оқушылары «Әріптердің патшасы мен ханшайымы» байқауына қатысты. «Көңілді үзілістер» өткізілді, онда 1-4 сынып оқушылары қызығушылықпен крассвордтар шешті
24.04.2023
«Алға, Білгіштер!»
« Камышенка ауылының ЖОБМ» КММ-де «Білім еліне саяхат» бастауыш сыныптар апталығы аясында 24 сәуірде 2-4 сыныптар арасында «Алға, Білгіштер!» айдарымен дүниетану бойынша олимпиада өткізілді.
20.04.2023
Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығының алдын алу
Мектебімізде оқушылармен құқық бұзушылықтың, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында білім алу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Мектептің төменгі қабатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» стенді безендірілді, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы...
17.04.2023
2023 жылдың 13 сәуірінде «Астраханка ауылының 2 ЖОБМ» КММ-де, «Отан қорғаушы» нормативтерін орындау бойынша жарыс өтті.
Мектебіміздің 2005-2007 жылы туылған балалары Шмаль А., Новаковский Д., Скаволовский Д., Туришев Е. «Камышенка ауылының ЖОБМ» КММ-нің командасына алынды. Біздің жігіттер құрметті 2-орынға ие болды.
16.04.2023
14.04. 2023 жылы химия, география және биология пәндері апталығы аясында биология пәнінің мұғалімі Абишева Л.В. 5-сыныпта «Тірі организмдердің көптүрлілігі» тақырыбында жаратылыстану пәнінен ашық сабақ өткізді.
Оқу материалының мазмұны мен сабақта қолданылған жұмыс түрлері сабақ бойы оқушылардың танымдық белсенділігін сақтауға бағытталды. Сабақ барысында денсаулықүнемдеу мақсатында іс-шараларға өзгерістер енгізіліп отырылды. Сабақты қорытындылаған соң оқушыларға...
15.04.2023
14 сәуірде химия, биология, география пәндері апталығы аясында «Камышенка ауылының ЖОБМ» КММ-нің 8-сыныбында химия пәнінен «Негіз, негіздердің құрамы, қасиеттері және жіктелуі» атты ашық сабақ өткізілді.
Сабақ АКТ қолдану арқылы өткізілді (виртуалды химиялық тәжірибелерді көрсету)
Сабақты өткізген химия пәнінің мұғалімі Гречкина Л. А.